на қоса, музыкалық мәдениеттің қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәні жөнінде, эстетикалық мүмкіндіктері хақында, сондай-ақ, музыка өнерінің теориясы мен практикасы жайында ғылыми жүйелі танымның орнығып үлгергенін аңғаруға болады.
Айталық, Әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық- теориялық еңбектерінің бірі - «Музыка - үлкен трактат» атты шығармасы Орта Азия қолданылған ыспа аспаптардың зерттелуінің тұңғышы болып табылады. Осы еңбегінде, сол кезеңдегі аспаптардың шығу тегі, эволюциялық дамуы, музыкалық мәдениетінің тұтастай дәстүр –дағдылары, музыка теориясы, оның пайда болу және қалыптасу тарихы, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологиясы, оның ішінде музыкалық шығармаларды орындаудың әдіс-тәсілдері жайында толық түсінік беріледі. Зерттеу трактатында екі ішекті қылқобыздың сыртқы түрі садаққа ұқсайтындығына назар аударғаны жөнінде қазақ аспаптарының зерттеушісі Болат Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты еңбегінде атап көрсетеді.
Ал «Кодекс Куманикус» кітабында музыкалық мәдениетке қатысты атаулар мен ұғымдар мол ұшырасады. Мәселен : бурғу (бұғы, мүйіз сырнай), бурғуча( бұғышақ, кішкене мүйіз сырнай, қонров (қоңырау), қобуз (қобыз), нақара( нығар, қоңыраулы аспап), суруна( сырнай) сияқты музыкалық аспаптардың атаулары кездеседі»
Қобыздың музыкалық аспап ретінде касиетін жан-жақты суреттейтін қызықты еңбектердің бірі ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрынғы қазақ тілінде жазылған. Бұл еңбек Ахмадидің «Музыкалық аспаптар айтысы» деп аталады. Қазір «Музыкалық аспаптар айтысы» қолжазба күйінде Британ музейінде сақтаулы тұр.
«Қобыз өзінің музыкалық аспаптардың тәңіріне баулайды. Адамның ұйып тыңдайтын аспабы екенін мақтан етеді. Әрине, мұндай ойдың жосығын ең алдымен сол кездегі тыңдаушының қобыз аспабына берген бағасы деп қабылдау қажет»-деп жазады Сейдімбек А
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>