О дыбысы мен әрпі

Страницы: <<  <  29 | 30 | 31 | 32 | 33  >  >>

ық-түліктер - болмаса, суреттер көрсетуге болады. Зерттеуді шағын топтарда жүргізген ыңғайлы. Әр топ адамға өнімдер немесе азық-түлік беретін жануарларды жазып, төрт бағаннан тұратын кесте әзірлейді (немесе мұғалімнен алады). Оқушылар әкелінген бұйымдарды қарап, бұл өнімнің қай жануардан алынғанын анықтап, кестенің сәйкес бағанына жазады. Олар "адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады" деген қорытындыға келулері керек.

Үйде ұстайтын жануарлар. Оқушылардың назарын дүкеннің - қасында орналасқан көпқабатты үйге аударыңыз - . Кейіпкерлерді мұқият қарасын. "Негеш не істеп жатыр? Эврика не істеп жатыр? Адамға тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі?" деген сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларға жануарлардан азық-түлік пен киім жасайтын өнім (жүн, тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіріңіз. Кімнің үйінде осындай жануарлар барын сұраңыз.

Ойлан!
Балалар арасында үйде тіршілік ететін жануар - лар ғана үй жануары деп аталады деген түсінік қалыптасқан.

Келтірілген мысал арқылы оқушылар үй жануар - ларына қайсысы жататынын талдайды.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Ауыл -- қала ұғымдары. Музыка. "Үй жануарларының хоры" ойыны.

"Үй жануарларының хоры" ойыны. Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Бірінші топ -- сүт беретін жануарлар; екінші -- үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ -- жұмыртқа беретін, ал төртінші топ -- қымыз беретін жануарлар.
Ойынды былай бастаңыз: "Тек сүт беретін жануарлар әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)". Әрі қарай үйде ұстайтын жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан тек сусын беретін жануарлар әндетеді.
Кесте. Б

Страницы: <<  <  29 | 30 | 31 | 32 | 33  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: