шқылтым сусын.
Құрт -- тұзды сүт өнімі.
Адам жануар етін, сүті мен жүнін пайдаланады. Түйе сүті -- шұбат, ал жылқы сүті -- қымыз деп аталады. Олар -- пайдалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінен май, құрт және ірімшік жасайды.
Жануардың жүні мен терісінен киім, аяқкиім тігеді.
Үй құстары
Сен жұмыртқа қосылған
тағамдарды ұнатасың ба?
Жұмыртқаны қайдан алады?
Қандай үй құстарын біле - сің?
Құстардан тағы не алынады?
Кіріспе тапсырма.
Басқа нұсқаны ұсынуға болады. Топтағы оқу - -шылар мұғалім ұсынған үй және жабайы жануар - лардың белгілері бар үлестірмелі парақшаларды - таңдайды.
Үй жануарлары
адамның жанында тіршілік етеді; адам оларға қора, үйшік салады; оларды қоректендіреді; оларды күтеді; төлдеріне қамқор болады.
Жабайы аңдар
орманда мекен етеді; суқоймада тіршілік етеді; тауда мекендейді; далада мекендейді; өзін-өзі қорғайды; өзін-өзі емдейді;
өздері төлдеріне қамқорлық жасайды; өздері қорек табады; өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді.
Адамдар және жануарлар. Анасы не сатып алды? Өнімдер қайдан алынaды? Адамдар жануарлардан қандай азық-түлік өндіреді? Азық-түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз ішіп көрді? Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көр - гендерің бар ма? Тапсырма барысында aуылдың қаладан айырмашылығын нақтылауға болады. "Не себепті ірі үй жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?" -- деп сұраңыз.
Үй құстары. Оқушылардан "Кім жұмыртқаның ақуызын жақсы көреді? Жұмыртқадан тағы қандай - ас әзірлеуге болады?" -- деп сұраңыз.
Зерттейік. Оқушылардың назарын алдын ала дайындалып қойған, олар күнделікті қолданатын - азық-түліктерге аударыңыз. Егер аз
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 | 32 > >>