Наурыз -жыл басы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

шылады.
Ән айтылады: Туған жер.

Мұғалім: Қазақ осы күй шығарып, ән салған,
Көкпар тартып,қыз қууға жаралған дегендей, қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Солардың бірі "Орамалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал"ойынын ойнайық. (түсіндіру)Мақал - мәтелдерді жалғастырып айту.
1. Бір ағаш кессең ,(он ағаш отырғыз).
2. Бұлақ көрсең (көзін аш).
3. Білімді (мыңды жығар).
4, 5,6,. . .
10. Өз елім (өлең төсегім).
Келесі тамашалайтындарыңыз - би. (оқушы)
Мұғалім: Қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі "Аластау"
Түсіндіру: Пәле жаладан, апаттан, тілден, көзден сақтасын деп аластайды (үйдің ішін)
Әжей : Алас, алас, алас !
Пәле жаладан алас !
Тілі жаманның тілінен сақта,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Мұғалім: Бүгінгі наурыз мерекесіне Алдаркөсе менТазша бала да келіпті, олардың мерекеге қандай тартулары бар екен:
Алдар: Кел, балалар, ойнайық
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар шешу.
Мұғалім: Бәрекелді,Алдар бала, жарайсың!
Тазша бала: Ал, халайық тұрмайық !
Әндетейік , жырлайық.
Ортамызды ашайық ,
Думандатып би билеп,
Інжу - маржан шашайық!
Қыз - жігіттер айтысы:
Оқушы: Ай демекші, дәл осы кезде Күн мен Ай теңеліп табиғатта бір ерекшелік болады емес пе? Ендеше осы кереметті бізде көрейік, ортаға Ай мен Күнді шақырайық.
Күн мен Ай екі жақтан келіп, бірін - бірі айналып ортаға шығады.
Оқушы: Күн мен Түн теңелді
Жер шуаққа бөленді,
Наурыз келді салтымыз
Қуанышта ел енді.
Оқушы:Осындай үлкен қуанышқа әзірленетін қасиетті асты біздің әжелеріміз керемет жасайды екен, сіздер де осы дәмнен ауыз тиіңіздер!
Әжелер: Көжені, ұлттық тағамдарды алып шығады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: