Мен және менің отбасым» жаттығуы - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 119
  • Скачиваний: 0

Сарқан ауданы
Бақалы ауылы Ағарту БМ мектеп писхологі:
Нуржанова Индира Беимбетовна

 
Мақсаты : Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру . Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктің жоғары екенін , балалармен қарым – қатынасы жақсарту . Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу .
- Сәлеметсіздер ме , құрметті ата – аналар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз . Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы «Мен және менің отбасым » деп аталады .
Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді , бақыт әкеледі . отбасы адам өмірінің тамаша жақтары, жүзеге асатын , ең басты шаттығы болып саналатын , баланың өсіп , өмір сүретін орны екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды . Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады .Қазіргі таңда ата – ананың бір мақсаты - қаражат табу , балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды . Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады , қалыптасады «Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасынан үйренеді .Отбасындағы кикілжін , ұрыстар баланың психикасына әсер етеді .Баланың мейірімді , еңбекқор , әдепті болып өсуі - отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы . Баламыз өмірден өз орнын тауып , бақытты өмір сүрсін десек , бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық .
1- Жаттығу “Кішкентай адам ”
Қуыршақ терапиясы элементтерінің бірі «Кішкентай адам » жаттығуын пайдаланып ата – аналарды өздерін және балалармен таныстыру. Әр ата – ана сулықтан өз қуыршағын , өз бейнесін жасайды ,қай жерде туғаны , неше баласы бар екендігі , қандай отбасында өмір сүретіндігі туралы шағын әңгімелеу.
2-жаттығу. «Қызықты сұрақтар »
Слайд бойынша ата- аналар мен балаларға арналған сұрақтар . кезек – кезекпен жауап береді .
Балаларға сұрақтар ;
- Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не ?
- Үйдегі адам саны қанша ?
- Байырын неше жаста ?
- Үйде ыдысты кім жуады ?
- Үйді кім жинастырады ?
- Таңертең сені кім оятады ?
Ата –аналарға сұрақтар .
- Балаңыздың туған күні қашан ?
- Балаңыздың ең жақын досы кім ?
- Бос уақытын қалай өткізеді ?
- Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі ?
- Балаңыздың арманы не ?

Біз сіздермен бір отбасымыз.
Мен және сен .
Оң жақтағы көршіңді құшақта , сол жақтағы көршіңді құшақта .
(Кезекпен оң жақтағы сол жақтағы көршілерін құшақтайыды)

Біз сіздермен – доспыз !
Мен және сен .
Оң жақтағы көршіңді қытықта , сол жақтағы көршіңді қытықта .
(Кезекпен оң жақтағы сол жақтағы көршілерін қытықтайды)

Біз сіздермен бір отбасымыз
Мен және сен .
Оң жақтағы көршіңді ақырындап шымшыла , сол жақтағы көршіңді ақырындап шымшыла .
(Кезекпен оң жақтағы сол жақтағы көршілерін ақырындап шымшылайды )

Біз сіздермен бір отбасымыз
Мен және сен .
Оң жақтағы көршіңді бетінен сүй , сол жақтағы көршіңді бетінен сүй .
(Кезекпен оң жақтағы сол жақтағы көршілерін сүйеді )
Енді қасымыздағы көршілерімізге алғыс айтып , бір – бірімізге қол шапалақтайық .
6- жаттығу. Клип «Ана жүрегі »Талдау .
7- жаттығу . «Махаббат күні »
Ата – аналар парақ қағазға он төрт шуақ тараған үлкен күннің сүретін салады .Күннің ортасына өз ұлының немесе қызының атын және еркелететін атын жазады , ал әрбір шуағына өз баласын жағымды қабылдауын жазады .
8-жаттығу. «Менің қолым »
Балалар өздері қолдарымен дайындаған арнайы жапсырманың бетіне акварелді бояу арқылы өз қолдарының іздерін салып , ата – аналарына тарту етеді .
Тренинг: Н .Өнербаевтың «Ана» әнін карокеде орындаумен аяқталады .
Қорытынды : ата – ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей , мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.Құрметті ата –аналар , сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да , бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп – көп рахмет айтамыз !

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: