Наурыз -жыл басы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

25 НЖББМ





Мерекелік іс - шара

"Наурыз - жыл басы"







Жетекші:БекмагамбетоваС. Н.






Қостанай қаласы
2015 жыл
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.
Мақсаты : оқушыларға Наурыз жыл басы,яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру,елдің салт - дәстүрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, суреттер,бәйшешек гүлінің макеті.
Мұғалім: "Наурыз - жыл басы" атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Наурыз - шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы,күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп,көктем келеді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні" деп атап,жаңа жылдың басы деп атайды. Наурыздың 21 - нен 22 - не қарағанда күн мен түн теңеледі. Қазақ елі ұлыс күнін әрқашан қасиетті, киелі санаған. Ол күні жаңбыр не қар жауса нұр жауады, туар жыл жақсы болады деп қуанған. Адамдар бір- бірімен төс қағысып, сәлемдеседі, өкпелері болса кешіреді, бір - біріне мынадай тілектер айтқан.
Оқушы: Жасың құтты болсын,
Ұлыс бақты болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін
Пәле - жала жерге енсін.
Оқушы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!
Оқушы: Бүгінгі Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Оқушы:Армысыңдар ,халайық,
Әр кез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып,
Жылда қарсы алайық !
Оқушы:Армысыз, мектебімнің асылдары,
Жайнасын көңліміздің жасыл бағы.
Қажыр қайрат елімнің Наурызда
Шашылсын жаңа жылдық шашулары!
Қоржыннан шашу ша

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: