бан,
Керек қылсан, кел маған, - деген кісімін депті.
Осы келтірілген мысалдың өзінен-ақ, Нарманбеттің ұшқыр, қиялды, алғыр ойлы, шебер суреткер ақын екенің тани аламыз. Осымен қатар Қайым атамыз Төлеу ақыннан "Ойнайды жоғарыда көкала үйрек" өлеңінің шығу тарихында жазып алған екен. Қайым ағаның мақаласында ақынның сан алуан астарын аша түсуге негіз беретін деректер молшылық. Сондай-ақ осы мақаладан ақынның еш жерде кездестірмеген "көкесер деген жігіт бар", "Бірінші хаттың" бірінші түрін, "Төрт - бесте талап қылдық асық жинап", "Шешенің әкеге айтқаны", "Толықтау болса өзенің", "Бұл дүниеде не ғаріп?" деген өлеңдері бар.
Нарманбеттің жырлары өнер, өлең сүйгіш қауымды толғандыра отырып, ізгілікке, әлеуметтіке, патриоттыққа баулитын асыл қазына. Шығармашылығының ауқым - аясы, өрісі кең. Қандай тақырыпқа өлең жазса да, жай тақпақтау емес, шешен де өткір өрнектей алған. Келеңсіз, жұртқа жағымсыз жайттарды нысанасына тигізу ерекшеліктері жырларында басым кездесіп отырады. Өз заманының қайғысын арқалап, халық басындағы ауыр халге күйініп, зарланса да өз дәуіріндегі күрделі саяси оқиғалардан тысқары қалған емес. Ол ең алдымен халқының өткен тарихына, қазіргі жағдайына назарын кең аударған. Өз халқымен өзге халықтарды салыстыра отырып, артта қалған мешеу ауыл үшін күйетіндігін ашып, әйгілеп айтып отырады. Ақынды толғандырар басты мәселе - жеке бастың, белгілі таптың мүддесі емес, халық тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы. Жеке адамды, жеке ойды бөліп алмайды, тұтас қарайды, шолып жалпылай сөйлейді. Тіпті өз дәуіріне ғана емес, келешекте ел басына түсетін қанды ноқта, темір кісенді көрегендікпен болжай білген. Бұл ретте Асанқайғы, Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат поэзиясындағы қазақ елінің еркіндігінен
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>