айырылу кесапатынан қан жылаған, шермен зарлана айтылған өксікті толғаулармен сабақтас сарын айқын өсіп тұр.
Белгілі жазушы, ғалым Зейнолла Қабдолов ағамыздың "Сөз өнері" монографиясында әдебиет туралы тұжырымдарының бірінде: "Әдебиет - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы, шығарма арқауы-шындық" деген жолдарды жалғастыра келіп шындық жайлы шырайлы ойын Белинскийдің "Қазіргі шындыққа тамыр тартпаған кез келген поэзия, - еріккеннің ермегі. . . қуыршақ ойнау. . . қуыс кеуде кісілердің ісі. . . " деген пікірімен шындай түседі. Осындай әдебиет, поэзия талаптары Нарманбет туындыларының - темірқазығы, өлеңді ермек үшін жазбағанын жазбай-ақ танимыз.
Ақын шығармашылығында ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси-экономикалық және әлеуметтік шындық бейнесін айқын көрінеді. Туындыларының негізгі үні - халықтың қоғамдық өмірін айтып, жырлап беру. Ол өз дәуірінің шындығын, прогрессивті ағымын, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің айнысы, ұлы шындығын елестетуші қоғам қайраткері, сыншыл ақын
Біздің төл әдебиетімізге ең керегегі - ақтаңдақ болып танылған әдебиет беттерін әлі де зерттеп рухани игілігімізге айналдыру. Нарманбеттану ғылымының зерттелу, ғылыми айналымға ену жолы бүгінде бірталай белден асып, сараланып жүйеленген қалыпқа еніп келе жатыр. Болашақта, Нарманбет шығармаларының жинақталу, зерттелу мәселелері тұлғатану ісінің ең бір сүбелі саласы, я тармағы болып енуі сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары. Қарағанды: Болашақ. 1998
2. "Абай" энциклопедия Алматы 1995 ж.
3. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1986.
4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 > >>