үсініктерін қалыптастыру, пішіндерді өзара салыстыра білуге үйрету;
Ойлау және салыстыру қабілеттерін қалыптастыру;
Логикалық қасиеттерін тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: шар пішінді бауырсақ, салыстыру ойынына арналған шар мен куб.
Билингвалды компонент: бауырсақ-бауырсак;
Әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс - әрекеті.
Баланың іс - әрекеті.
Мотивациялық - қозғаушы
Жылу шеңберіне тұрып бір - біріне, қоршаған ортаға деген жылы лебіздерін білдіреді.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын.
Балалар шеңберге тұрып, өлеңнің сөздерін тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастыру - іздестіру
- Бүгін бізге ерекше қонақ келіпті, ол бізге бақылап отырмақшы. Кім екенін білгілерің келеді ме?
- Бауырсақ домалап келіпті.
- Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келеді, қалай қарайсыңдар?
Ойын: "Қақпа"
- Ол үшін екі орындықты ортаға қоямыз, бұл біздің қақпамыз болады.
Тәрбиеші бір балаға түсі мен көлемі бірдей шарды, екіншісіне кубты ұсынады. Осы фигураларды қақпаға домалату керек.
- Балалар, айтыңдаршы сендер неге шарды таңдайсыңдар?
- Олардың түсі, әлде пішіні әр түрлі ме?
- Олардың айырмашылығы неде?
- Неге шар домалайды, ал куб жоқ?
Тәрбиеші балалардың дұрыс жауаптары үшін мадақтайды.
- Балалар, қараңдаршы, шар домалақ, оның бұрыштары жоқ.
Сергіту сәті:
Қанат қағам жалма жан,
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол соғам,
Аяғымның ұшына.
oo Біздің топта шарға ұқсас заттарды атаңдаршы?
oo Дұрыс айтасыыңдар, алма, доп, қонаққа келген бауысағымыз да шарға ұқсайды.
Балалармен дидактикалық құралдармен жұмыс жүргізеді:
Балалар, сендердің конверттерінде не бар екенін қараңдар
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>