і көлеңкедегі жарықтау жерлер рефлекс деп аталады.
Бұл өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әртүрлі рең қоюлығына,яғни бояу түстерімен осылай бөлінеді.
Натюрмортта фон, артқы бөлігі елеулі роль атқарады. Натюрморттың артына тығыз орналастырылған фон біздің назарымыздан шашырап,қойылымнан кетуіне мүмкіндік бермейді.
Натюрмортты қоюдағы заттарды топтастырудың тағы бір ережесі-салыстырмалы түрде аяғында бос,жеңіл алдыңғы план.
Көзбен көруге мейлінше ауыр,ірі заттар артқа таман,неғұрлым жеңіл заттар-оның алдында тұруға тиіс,ал ең алдыңғы план мүлдем бос,ашық болуға тиіс. Сурет салуды керісінше емес,төменнен жоғарыға қарай жүргізген жақсы. Бұл тек натюрморттың суретін салуға емес,кез келген басқа да натуралдық қойылымды салуға қатысты.
Ең алдымен заттың өзіне тән түстік ерекшелігін қоршаған ортаға байланысты байқау. Мысалы: қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек,онда суық түс басым болады,ал қызыл түсті шуберек ілсек,жылы түс басым болады. Әр нәрсенің басым түсінің қалың болуына байланысты түстік реңді ажыратуға болады. Мысалы:сары шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра бояуы қанық болады,ал сия көк шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра жарықтау болып көрінеді.
Алдымен заттың өзіне тән түсін солғын бояй отырып,біртіндеп қоюлата жағылады. Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Біздің түстерді қабылдауымыз әдемі"сабақтас"түстің пайда болуына жарық,қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта,түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықтануы мен қатар жылы және суық түстік реңдер мен ерекшеленеді.
Егер жарық жылы болса,онда көлеңке суық реңге ауысады. Ал жарық суық болса,көлеңке жылы реңді болады. Жылы мен суық түстерд
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>