ің үйлесімді болып келуі кескіндемеде әуен туғызады.
Музыка үшін 7 нота қандай роль атқарса,кескіндеме үшін ең қою қалың бояудан ең нәзік реңдерге дейін сондай роль атқарады. Өйткені дүниенің бар байлығы мен сұлулығын осы түс қана бере алады.
Заттың қасиеті мен бояуын сол түс арқылы ғана бере аламыз. Шығармашылық жұмыс жасау оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен білімі арқылы дамиды. Олар бояумен жұмыс жасағанда мына ерекшеліктерге мән беру керек:шыны ыдыс-мөлдір,ағаш астау-жұмсақ,темір ыдыс-қатты,осындай әр түрлі материалдардың қасиеттеріне байланысыт түстік бояуды дұрыс қолдана білу оқушының шығармашылық жұмыс істеуін айқындайды. Заттың мөлдірлігі мен жылтыр болуы таза түстің бояуымен жұмыс жасауды қажет етеді,ал заттың тығыз,салмақты болуы күрделі қою бояулар арқылы шешім табуға жетелейді. Оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеуімен шектемей,тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшу керек.
Сабақты қорыту:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері. т. б.
4. Оқушылардың жұмысын салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма:
Тұрмыстық заттардан наброска жасап жинақтап алып келу.
Страницы: << < 3 | 4 | 5