Құмыра мен алма, алмұрттан құрылған натюрморт жазу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

рналасуы керек. Пропорциясын қараймыз,пропорция дегеніміз-биіктігінің көлденеңіне,нәрсенің бір бөлігінің екінші бөлігіне шамалық қатынасы,сондықтан белгілегенде өте мұқият болу керек. Суреттің мазмұны мен құрылысы оның жеке бөліктерімен өзара байланысты болмаса,ол дұрыс шықпайды. Сондықтан компоновка жасаймыз.
Компоновка дегеніміз-орындалатын жұмысты жоспарлау.
Суреті салынатын нәрсені орналастыру,орнын белгілеу,көру нүктесін таңдау,қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің(композицияның)бастапқы негізі болып табылады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар(тік,көлденең,көлбеу)сызылады. 2-3 заттан натюрморт бейнелеу.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қараймыз.
1-кезең: нәрсені қағаз бетіне ықшамдап орналастыру
2-кезең: нәрсенің құрылымына назар аудару
3-кезең: заттың өңін жарық пен көлеңке арқылы айқындау
4-кезең: бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезең болады.
Бір тұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалатын суреттің жарасымдылығына баса назар аударып,жұмыс аяқталады. Заттардың өңін айқындағанда ең жарық,ең қараңғы жерлерді анықтап алуымыз керек,ол үшін мына сурет заңдылықтарын естен шығармауымыз керек:
1. Жарық деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.
2. Жылт деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.
3. Жартылай жарық көлеңке деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.
4. Меншікті көлеңке деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтамыз.
5. Шағылысу жарығы-заттың көлеңке жағында басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған,әлсіз жарықты айтамыз,оны рефлекс деп те атауға болады.
6. Заттың түспе көлеңкесі-бір заттан екінші затқа немесе екінші жазықтыққа түскен көлеңкені айтады.
7. Меншікт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: