рнекі және техникалық құралдар қолданудың әдістері. Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау-негізгі көрнекілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбаларының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін арнайы жабдықталған музыка бөлмелері міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде композиторлар портреттері, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор ұжымдарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т. б. болғаны оқушылардың тыңдау кезіңде музыкалық сауттылықтарын толықтырып отыруларына әсері бар.
Оқушыларға симфониялық шығармалардан, опера, балеттерден үзінділе (фрагменттер), халық әндері, термелер, т. б магнитофон немесе грампластинкалардан тыңдату арқылы шығарманы қабылдау мүмкіндігін пайдалана отырып, экраннан орындаушының бейнесін, сазгер бейнесін немесе опералық спектакльдерден, балеттерден, симфониялық оркестр, ұлт-аспаптар оркестрі, т. б үзінділер көретіп отыруға толық жағдай бар. Ал,тыңдаған шығарманың дыбыс тембрін, әуен құрылымының әдемілігін, әр түрлі аспаптар дыбыстарының айырмашылығын айыру арқылы оқушылардың есту мәдениеті дамиды.
Көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру үшін:
1. Музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылған талаптарды ескеріп, оқушыларға жан-жақты тәрбиелі білім берумақсатында оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек.
2. Музыка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдар
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>