ды, бейнелеу (көркем суреттерді), телеэкранды т. б тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады.
3. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қабілеттерін дамытамыз, музыкалық бейнелерді қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну, сезімдерін бойларындағы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін дамытамыз.
4. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау мүмкіндіктерін жақсарту үшін міндетті түрде қолдану керек:
a) Көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюралар, журналдар, т. б)
b) Техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, теле-бейне құрылғылар, т. б)
5. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде негізгі рөл атқаратын жан-жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек.
Музыка пәнінің мұғалімі осы техникалық құралдармен жұмысты тиімді жүргізе білуі керек. Әсіресе, музыканы магнитофон таспаларынан тыңдату барысындатыңдатылатын шығарманы алдын ала дайындап, магнитофонды қосқан кезде дәл сол шығарма ойнатылатындай дәрежеге әкеліп қою керек.
Музыканың үнін бірден қатты шығармай, дыбыс күшейткішті бірте-бірте көбейту арқылы өз деңгейіне жеткізу керек. Музыканың үнін өте қатты шығару оқушылардың музыкалық шығарманы сүйсіне тыңдауына кедергі келтіреді. Ал музыкалық шығармаларды күй табақтан тыңдатқанда тыңдатылатын шығарманың басталатын жерін алдын ала белгілеп, дыбыс күшейткішті басып қойып, шығараның сол екендігіне көзі жеткеннен кейін ғана дыбысты біртіндеп қосу керек. Сонымен қатар, мұғалім тыңдатылатын музыкаға байланысты компьютер арқылы немесе плакаттар арқылы, көркемсуреттер қолданылатын болса алдын ала дәл кезінде ғана пайдаланатындай етіп дайын
Страницы: << < 36 | 37 | 38 | 39 | 40 > >>