Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

Елім-ай" әнінің жетуі, міне мұның бәрі әлгі айтқан озық дәстүрдің айғағы. Озық дәстүр қашан да өміршең, ол халықпен бірге жасайды. Қысқасы, мәселенің мәні, ән өнерінің жанрлық, түрлік, әуендік қасиеттері тек қана ауыз әдебиетімен қабаттаса жіктелуінде емес. Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны аян. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтлуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған. Сол ән-әуендердің жанрлық, түрлік, өлшемдік бітімдері таза музыкалық сарапқа түсіп, таза музыкалық белгілері анықталуға тиіс. Сонда ғана ән өнерінің төл бітімі халықтың тарихи түлғасымен түтастықта таныла-ды. Танылып қана қоймайды, бүгінгі және болашақтағы музыкалық тілдің бағыт-бағдарына мұрындық болады.
Қазақ халқының әншілік, күйшілік өнерінде Ғазиз, Уәйіс сияқты, Мүхаметжан, Шашубай сияқты, Дайрабай сияқты бірлі-жарым әнімен немесе күйімен ел есінде қалған саңлақ өнерпаздар бар. Көп ретте осындай әнші-күйшілердің кім екеніне, қашан, қай ортада өмір сүргеніне жеткілікті мән беріліп те жатпайды.



4. Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтың аспаптық музыкасының даму кезеңдері?
2. Аспаптык музыканың дамуына үлес қосқандар ?
3. Әншілік дәстүрдің мектебі.
4. Халық әндерінің ерекшеліктері қандай?

5. Үйге тапсырма:
9. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.
10. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.
11. Қазақтың аспаптық музыкасының әуендерін жинау.
12. Қазақтың аспаптық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау.
6. Қорытындылау, бағалау.












Сабақ жоспары

Тобы
БК-315
БК-320
Күні

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: