Музыка тыңдау репертуары және оны талдау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

т.
Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатылатын шығарманың психологиялық әсері мен педагогикалық тәрбиелік маңызы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек. Музыкан орындау ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембріне және музыкалық шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек.
1. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық бейнелі түсіну.
2. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, оларға баға білу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мысалы: балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль,скрипка,баян, домбыра,қобыз, т. б)жоғары және төмен тембрлік дыбысын бір-біріменсалыстырады, әннің бастамсын, қайырмасын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрлымын) бір-бірінен айырады, бір - біріне қарама-қарсы көркем бейнелердің айқындылығын байқайды.
3. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда көркем бейнені (әнді, биді, күйді)көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды.
Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік - ол музыкалық шығарманың өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қабілетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық түсініктермен қатар оқушылар жалпы музыканың жанырлары, музыкалық шығарманың құрылысы, музыка тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұма

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: