Музыка тыңдау репертуары және оны талдау

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ттар алады.
3. 3 Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау.
Оқушыларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл ойналуы ұзақтылығы 1-1. 5минуттен аспайтын, 3-4-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек.
Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдалатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Тыңдалатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да жеңіл музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оперетталық музыкаларды жатқызуға болады. Мұндай музыкалар өте әдемі, көркем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Тек мұндай музыкаларды тыңдаумен шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні, мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасы, құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғаман ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді жойып, мидың жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының 1-сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдауға баулып, музыка "тыңдау репертуарына" вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығармашылығын, классикалық (орыс,шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс.
Бағдарламағ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: