а енген халақ әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық музыка өнерімен кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік берді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына шыққан ән,жыр, терме - толғау, айтыс, эпостық жырлар, күй өнерімен танысу жүйелері жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізіледі.
Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктелген. Мысалы: "Сырлы да сазды әуен" тақырыбының тыңдауға ұсынылған шығармалары - бесік жырлары, тұсау кесу, төрт-түлік малға арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлері туралы шығармалары 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олардың қабылдауына жеңіл, қарапайым да қысқа мазмұнды болып келеді.
Ал, 2-сыныпқа таңдауға ұсынылған шығармалар мазмұны жағынан, құрлысы жағынан сәл күрделене түседі. Мылалы: "Жыл басы кім болады" атты Ш. Құлманова мен Р. Наурызбаеваның І бөлімдік операсы, "Жетім бала" аңыз күйі, "Ақсақ құлан", Құрманғазының "Аман бол, шешем, аман бол" ойландыратын мазмұнды шығармалар боп келеді.
3-сыныпта оқушылар ақыл-ойы, санасының дамуы мүмкіндігіне орай халық шығармашылығындағы ән мен саз өнерінің ұштаса отырып туындаған жыр,терме, айтыс, толғау ,күй, тартыс сияқты шығармалармен, жыршы - термеші күйшілермен танысады, бұл оқушылардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне жол ашылады.
4-сыныпта Қазақстан және шетел композиторларының шығармашылығымен танысып, музыканың жаңа формаларын меңгеріп, күрделі түрлерімен танысады.
4. Бекіту сұрақтары:
1. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>