Мутация

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ипова Акмарал Сулейменовна
Химия және биология мұғалімі
Тақырыбы: Мутация
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің түрлері; оның типтері және болу себептерімен таныстыру, ағзаға әсері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, қисынды ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжыммен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп, бағалауға және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Шаталовтың тірек-сызбалары, бағдарламаланған оқыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақтада слаидтар, суреттер, ғалымдардың суреттері, тапсырмалар т. б
Пәнаралық байланыс: тарихпен, географиямен, өмірмен байланыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастырушы кезең.
Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Шаттық шеңбері әдісін қолдану. «Бір-бірімізге сәттілік тілейміз!»
-Балалар сабағымызды бастамас бұрын сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге жүректен шыққан жылы лебіздерімізді білдірейік. «Менің ойымша сендер бүгінгі сабақтан өздеріңе керекті мағлұматтарды алады деп ойлаймын!».
-Бүгінгі сабағымыз ерекше болады деп ойлаймын!
-Бүгінгі сабақ бәріміздің есімізде қалсын!
-Сабағымыз сәтті өтсін!
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Құпия сан тапсырмасы.
Тұқым қуаламайды
Модификациялық өзгергіштік
Өзгергіштік
Варияциялық коэффицент
Реакция мөлшері
Мутациялық өзгергіштік
Варияциялық қатар
Құпия сан: 3 5 7 2 4 1 6 /Слаид 2,3/
Ауызша сұрақтарға жауап беру:
1. Өзгергіштік дегеніміз не?
2. Тұқым қуаламайтын өзгергіштікті сипаттап, оның себебін ашыңдар және мысалдар келтіріңд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: