Мутация

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

топлазмалық болып бөлінеді. Мутациялардың осы түрлері жайлы қазір бағдарламаланған карта көмегімен оқулықтан , қосымша материалдардан өз беттеріңмен оқып үйреніп, интерактивті тақтадағы мына сызбаны толтырасыңдар. Ол үшін мутацияның түрлеріне байланысты сыныпты 4 топқа бөлеміз. Әрбір топ өзінің бағдарламаланған картасы бойынша жұмыс істейді.
Оқушылардың сызба бойынша жауабы.
Ауызша сұрақтарға жауап беру.
1/ Мутациялық теорияның негізін кім қалады?
2/ Гендік мутацияның пайда болуының негізгі себептері қандай?
3/Полиплоидия өнімдеріне не жатады?
4/Тәжірибелік жолмен полиплоидты өнімдерді қалай алуға болады?
5/Плазмоген қай органоидта кездеседі?
6/Хромосомалық мутацияның қандай түрлерін білесіңдер?
Хромосомалық мутация жайлы білімімізді шыңдау мақсатында «Адасқан объектілер» тапсырмасын орындаймыз.
ІҮ. Сабақты қорытындылау мақсатында графикалық диктантты орындаймыз.
Графикалық диктант 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сұрақтары:
Мутация –организм генотипінің, яғни гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқымқуалайтын өзгергіштік.
Мутация туралы ұғымды ғылымға Г. Мендель енгізді.
Хромосомалық мутациялар құрылымының өзгеру салдарынан болады.
Мутация мутагендердің әсерінен болады.
Мутация құбылысы тек өсімдіктерге ғана тән.
Химиялық мутагендерге – радиоактивті , лазер сәулелері жатады.
1901 ж Де-Фриздің «Мутациялық теория» деген еңбегі жарыққа шықты.
Генеративтік, яғни дене жасушаларындағы мутация.
Мутация қандай жасушаларда пайда болатындығына байланысты екіге бөлінеді.
Мутация тұқымқуаламайды.
Бүгінгі сабағымыздан өзгергіштіктің екінші түрі-Мутациямен таныстық. Ал модификациялық өзгергіштік пен мутациялық өзгергіштіктің айырмашылығы неде? Соған Венн диаграммасын құр

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: