Мұсылман мейрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

нда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады". "Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран Кәрімнен бір аят оқыған адамға әр әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі". "Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу тағаланы құрметтеген болады". "Аллаһу тағала рамазан айында күнә істемеген адамның он бір айлық күнәсін кешіреді". "Рамазан айты күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: "Ей, мүміндер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, олардың қайтарымын алыңдар". Намаздан кейін бір періште былай дейді: "Біліңдер, ей, мүміндер. Бүгін күмәнсіз сый тарату күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні".

"Һижра" тобы
Мәуліт тарихы
Ислам тарихшылары Мәуліт мерекесін дәстүрлі түрде тойлау Селжұқ түріктерінің көшбасшысы Мұзаферуддин Көкбөрінің кезінен басталғанын айтады. Мұзаферуддин Көкбөрі Селжұқ түріктерінің Әрбил тайпасының Байтік руының биі болатын. Ол Хақ-Тағаланың дініне ынты-шынтымен берілген шынайы бір мұсылман еді. Алла Елшісі (с. а. у)-ды жан-тәнімен жақсы көретін. Хақ Елшісі (с. а. у)-ның сұлу сүннетінен үлгі алып, Мұзаферуддин қайырлы-сауапты істер жасайтын. Оның салдырған керуен-сарайларында жарлы-жақыбайлар мен міскін-ғаріптер қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып ас-су ішіп, құтты мейман болатын. Ол сырқат жандар үшін емхана, жесір-жетім мен кембағалдарға арнап қамқорлық үйлерін салдырды. Шешесінен шақалақ кезінен айырылған тұл жетімдерге сүт аналар тауып беретін. Мүгедектер мен зағип ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: