Мұсылман мейрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ң өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен "өте көп" деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: "Қадір түні мың айдан қайырлы" деген аятындағы "мың" сөзі де "өте көп" деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін.
Түннің "Қадір түні" деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т. б. жазатындығымен байланыстырады. "Қадір" және "тағдыр" сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады.
Бізден бұрынғы үмметтердің бізге қарағанда әлдеқайда көбірек өмір сүргендігі анық. Мәселен, Зұл-Қарнайн патшаның дәуірінде адамдар бес жүз жыл шамасында өмір сүрген. Сол дәуірлердегі адамдардың арасында мың айды ғибадатпен өткізбесе, өзін құлшылық етуші деп санамайтын кісілер болған. Олар осы мақсатқа жету үшін уақыттарын барынша ғибадат жасаумен өткізген. Ал енді жүз жыл шамасында ғана өмірі бар біздің үммет үшін мынадай мың жылға татырлық түннің нәсіп етілуі Алла тағаланың мұсылман үмметіне берген үлкен нығметі. Түннің "Қадір" деп аталуының өзінде терең мән бар. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Кітабымыз түскен. Үмметтің қадірлі болатындығы Пайғамбарымыз (с. а. с. ) мәңгі сапарға аттанарда, Жәбірейіл періштеден өз үмметі туралы сұрағанда, ол Алла елшісін (с. а. с) екі нәрсемен сүйіншілеген болатын. Жәбірейіл періште: "Алла Тағаланың жәннатына Сен кірмейінше ешбір пайғамбар кірмейді және сенің үмметің кірмейінше ешбір үммет жұмаққа кірмейді" деп сүйіншілеген еді. Олай болса, бұл түнде қадірлі үмметтің қадірлі пайғамбарына қасиетті Құран түсті.
"Никах" тобы
Ат қою. Балаға ат қо

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: