Мұсылман мейрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

андарға қамқорлық жасайтын қайырымдылық үйлерін ашып, әсіресе, қайыршыларға күндік ас-ауқатын беретін. Жас жеткіншектер біліммен көзін ашсын деп медреселер ашып, оларға сауатты мамандардан мұғалімдер тағайындап, қаражатпен қамтамасыз ететін. Ғылыми пікірталас пен рухани сұхбаттарға көп көңіл бөлетін. Әрдайым өз жерінен өтетін мұсылмандардың қауіпсіздігіне кепіл болып, бейбіт өмір сүруге құмбыл тұратын. Мәуліт мерекесінде Көкбөрі қолынан келген бар қайырымды істерін жасайтын. Ол мәуліт мерекесі кезінде іс-шараларды өзі атқарып, сырқаттардың көңілін сұрап, олардың құлан-таза айығып кетуі үшін ақысыз емдететін. Мұқтаж һәм міскін адамдарға ұдайы қол ұшын беретін. Балаларды қуанышқа бөлеу үшін арнайы оларға арнап ойындар өткізетін. Ақындарға жүлде беріп, елге еңбегі сіңген атпал азаматтарға шүлен тарататын. Таңды таңға асырып, Алла Елшісі (с. а. у) туралы уағыз-насихат айтып, көңілдерін бір тасытып, жұртты арқа-жарқа ететін.
Мәуліт мерекесінде бүлдіршіннен бастап, жастар мен егде тартқан азаматтар, кәрі құлақ қариялар мен кембағал жандар, сауда-саттық жасаушылар мен білім адамдары, діни қызметкерлер мен ел басшылары т. б. түрлі саланың өкілдері бір жерде бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп, көңілдері тұтасып, бір-бірімен тонның ішкі бауындай біте қайнасатын. Осылайша Мұзаферуддин Көкбөрінің Хақ Елшісіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде жыл сайын Мәуліт мерекесін тойлау үрдісі қалыптасқан еді.

"Мың ай" тобы
Қадір түнінің қасиеттері
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегенні

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: