Модельдердин турлери

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Модельдің түрлері және модельдеу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға модельдерді жіктеуді, модельдеуді орындауды, анықталған кезеңдерге сәйкес міндеттерді рәсімдеуді үйрету;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК,электронды оқулық, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, заттардың моделі.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру - 5мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (модельдер) – 5 мин
ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин
ІV. Сергіту сәті – 5мин
V. Тәжірибелік жұмыс – 10мин
VІ. Сабақты бекіту- 5 мин
VІІ. Үйге тапсырмасы-2мин
VІІ. Қорытындылау-3мин
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру - 5мин.
/оқушылармен амандасу, модельдер бойынша топқа бөліну, ынтымақтастық ортасын құру, топ басшысын ,ережесін таңдау, бағалау парақшасын топ басшысына беру/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(модельдер) – 5 мин.
/үйден жасап келінген модельдер бойынша миға шабуыл жасау/
ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин.
/Модельдер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу/
1. Жаңа сабақты бейнетаспа арқылы түсіндіру. / bilimland. kz сайтына қосылу/
2 . Модель жіктелуіне постер құрау. /Оқушыларға оқулық, интернет, қосымша парақшалар беріледі/
Модельдің жіктелуі
Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:
І топ
Қолдану аймағы (оқулық, ойындық, тәжірибелік, имитациялық және т. б. );
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: