а түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары акустика-артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық, мұнда «л» соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фонеманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В. Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс түсінген.
В. Радлов «Фонетикасын» сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі — екпін мәселесі, екінші мәселе — дыбыстардың дистрибуциясы, үшіншісі — түркі тілдерінің үндестік заңы. В. Радлов көп буынды сөздерде сөз аяғына түсетін негізгі екпінн басқа көмекші екпіндердің болатынын, көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін екенін айтады. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың, дистрибуциялық ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет берген.
В. Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды — езу, лабиалды — ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытады.
П. М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Дауыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет беред. 3
h
ртасы «к, г» және тіл арты «қ, ғ» дыбыстары
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>