тикада» 1 қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В. В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын 2жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті. Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В. Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü), консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжірибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>