у жылдық тойын тойлағалы отыр. Осы даңқты елу жыл ішінде қазақ фонетикасы жайында нелер істелді, қандай табыстарға жеттік, алдағы кезде қандай шұғыл міндеттер тұр — осылар жөнінде өз пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланысты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын ең-бектер— мақалалар жарың көрді. 5-6
Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. 7, 169 б.
Өз зерттеулерінде ол А, Байтұрсыновтың тұжырымды талдауларын дамыта түсті.
А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйесі түрде зерттеледі, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт-Питербургте 1875 жылы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>