Модель және модельдеу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ӘОЖ 809. 43. 2:801. 4
ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ
А. Б. Жолшин
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н. И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен Һ спиранты кездеспейді. Шамасы, Н. И. Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т. б. ), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң М. Терентьев жазған «Гармма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: