Өмірің өз қолыңда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Сарықамыс негізгі мектебі
Күні: 15,03,2016 24 сабақ
Тақырып: Өмірің өз қолыңда
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: : адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық.
Сыныбы: 6
Оқушылар саны: 5

Сабақтың мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
- Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- Оқушалрдың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- Еліне, халқына абыройлы қызмет етіге тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, үнтаспа, оқушы дәптері,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу 5 "Т" ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық 4. Тазалық. 5. Татулық.
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену.


Сабақ барысын талқылау:
Үй тапсырмасын тексеру.
"Денің сау болсын десең. . "

Дәйексөз.
"Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек"


Әңгiмелеу
: Қ. Әлімбек
Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен,достарым.
Өмір - менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір - менің сарқылмайтын дастаным.
Мен - өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір - кітап, түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім - әрбір бетін ашқаным.
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен,
Күн батарда атар таңға үңілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айна

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: