б) Әуенді қосар алдында студенттер көздерін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз . . .
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз . . .
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді . . .
- Алма бағы . . .
- Қып - қызыл алмалар қол созым жерде . . .
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз . . .
- Дәмі керемет . . .
- Жеген сайын жегіңіз келеді . . .
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз . . .
- Күн кешкірді . . . Қайту керек . . . Бақтан шығып жолға түстіңіз . . . Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. "Тастап кетсем бе екен?" деген ой келді . . .
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз . . .
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз . . . Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты . . .
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз . . .
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза . . .
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, студенттер көздерін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
1-жүргізуші: Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ - ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН - ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ - шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ - қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт кү
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>