ай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-60 ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
1-жүргізуші: "Тиімді қарым-қатынас орнату" бағытында бейнежаттығу.
Ортаға 6 студент шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы "баяндап" жатқанын шешулері керек.
Тапсырмалар:
1) Бүгін барлық топтағы студенттер сабаққа дайындықсыз келді.
2) Сіз кеше бір қызықты кітапты оқып бітірдіңіз. Ол сізге қатты ұнады.
3) Сіз бүгін дене шынықтыру пәнінен спорт киімін әкелмегеніңіз үшін "2" алдыңыз.
4) Бүгін менің көңіл-күйім өте керемет.
5) Мен осы топтағы барлық студенттерді жақсы көремін.
6) Мен өз-өзімді жақсы көремін.
2-жүргізуші: Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Студенттерді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>