Өмірді тану - өзіңді тану

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

тетін адамдар.
КӨК - салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ - қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
2-жүргізуші: Келесі тренинг: "Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау"
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.
Құрал - жабдық: қағаз, қалам
Ойын ережесі
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы: - "Өмірдің ағымынан қалмау"
"Ешқашанда білмеймін демеу"
"Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау"
"Биік шыңға ұмтылу"
Аутоагентті жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.
1-жүргізуші: Ұжымдық жұмыс

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: