Өмірді тану - өзіңді тану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Өмірді тану - өзіңді тану" (психологиялық тренингтер)
Мақсаты:Өзін-өзі тану - өмірді тану екендігі ұғындыру, адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіруге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұрпағын ізгілікке бастаған, шәкірттер жүрегіне адамгершіліктің дәнін себуге ұмтылған ұстаздар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, көңілі шат, арманы асқақ, талғамы биік студенттер!
1-жүргізуші: Бүгін тобымызда "Өмірді тану - өзіңді тану" тақырыбында психологиялық тренингтер сағаты өткелі отыр.
2-жүргізуші: Иә, "Өзіңе деген махаббат- тамаша нәрсе,өйткені ол- адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі" деп Т. Гоббас айтқандай адам өзін-өзі қабылдай білсе,істеген іс-әрекеттерін бағалай алса,сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса,біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болар еді. Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болатын еді. Денсаулығымыз жақсарып,басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді. Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратын едік. Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.
1-жүргізуші: Ал енді, тәрбие сағатымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ.
" Ағаш" жаттығуы. (Оқушылардың көңіл күйін анықтау)
Жаттығу мақсаты: Топ оқушыларының көңіл күйін анықтау.
Нұсқау: "Көздеріңізді жұмыңыздар және өздеріңізді қандай да бір ағашпын деп ойлаңыздар. Енді сіздер ойлаған ағаш қандай, айналадағы ауа-райы қандай, және сіздердің ағаштарыңыз өздерін қалай сезініп тұрғаны туралы айтып беріңіздер.
2-жүргізуші: Қ. Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: