Өмір өзен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Өмірдегі ең маңызды нәрсе не? Мақсаты: оқушылардың "өмір" сөзінің мағынасы және әр адамның өмірінде не нәрсе маңызы бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі - халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Міндеті:Оқушыны өзінің қабілетіне, бейіміне, қызығушылығына сай өзін тани білуге үйрету;
Күтілетін нәтиже: интеграциялық сабақ барысында берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі. Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауға баулу. Байқампаздыққа жетелеу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қанатты сөздер, бейнеролик, шарлар.
Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ. Тарих - Өзін-өзі тану
Өткізу формасы: Тренинг
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары, ұстаздар
Кіріспе сөз: -- Саламатсыз ба, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ӨМІР жайлы болмақ. Сол себепті бүгінгі сабағымды күні кеше ғана дүниеден озған ҚР халық жазушысы, біздің жерлесіміз Қ. Мырзалиевтің өмір жайлы мына өлеңімен бастағым келіп отыр.
Адам жылап туады
Ағайынын қуантып.
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда
Жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде
Жақсыла

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: