Өмір өзен

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

ің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау" дегім келеді.
Адамның кәміл тұлға болып өсуі үшін алдымен адамгершілікке бет бұруы керек. Этикамен сусындап, сыйластықты білуі тиіс. Бастысы шыншыл болуы керек. Ал білім тек қана еңбектің арқасында жиналады. Ерінбей еңбектенетін адам кез келген салада жеке пікірін таныта алатын тұлғаға айналады. Оны қоршаған ортасы өзі білмеген дәрежеде сыйлайтын болады. Бастысы ол өзінің игерген білімін ортаға салып, бөлісе алады. Осындай адамдардың көп болғанын тілеймін!
"Бос микрофон"
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
-- Тренинг кештің пайдасы болды ма?
-- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!








Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: