Потанин атындағы жалпы орта білім бетерін мектеп
«МИФ» кеші
Жауапты мұғалімдер: Агыбаева А. Ш.
2015-2016 оқу жылы«МИФ»кеші
Тақырыбы: «МИФ»кеші
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
2 - жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «МИФ кеші» атты сайысқа қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыста Қыздар және Ұлдар командасы білімдерімен, тапқырлығымен, іскерліктерімен сынға түскелі отыр.
1 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену, жалықпау
Сәт – сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
Таныстыру
Сұрақтар
Бейне сұрақ
Кім жылдам?
Логика
Капитандар сайсы Полиглот
Чёрный ящик (қара қорап)
Флешмоб (үй тапсырмасы)
9. Қорытынды.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер– деп,
әділқазы алқаларымен таныстырайық:
1 11 «А» сынып оқушылары Бекбер Мөлдір, Тохтарханов Ербол
2. Каиргожина Р. А.
3. Сейтова М. О.
4. Пусырханов Б. Т.
1 - жүргізуші: Таныстырып топтарын,
Ұрандарын айтады,
Көрерменге білдіріп
Әділ баға алады. 2 - жүргізуші:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>