қтың қалқыған санасын оятқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының орны тіпті ерекше.
Желтоқсан! Сен жайлы ойға батамын,
Бұл іңкәрлік созылады қашанға.
Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,
Оның тартар азабыда соншама,-деп Мұхтар Шаханов жазғандай,азаттық жолында құрбан болған,азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытамыз! Жылдар бойы іште жиналған төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған тасқын судай ақтарылды. Бірақ, әмірші-әкімшіл үкімет бейбіт демонстратцияны армия күшімен жаныштай бастады да тап баяғы 30-жылдардағыдай сұмдығына найза бойламайтын репрессия апаратын іске қосты. Осындай бір қиын кезде, Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған жазықсыз жоқшысы болып,өз тағдырын қылыштың жүзіндей қатерге байлап, халық назарының билігіне ақын Мұхтар Шаханов көтерілді. Ақын Желтоқсан көтерілісіне үлкен баға берді. «Желтоқсан алаңы», «Желтоқсан тағылымы», «Желтоқсан эпопеясы» атты шығармаларын жазды.
Мұхтар Шаханов
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,-
деп жырлағандай, еліміздің өрімдей ұл-қыздары 1986 жылы алаңға шықты. Бұл қозғалыс Колбин сияқты дүмбілез, алпауыт әміршісіне ғана қарсы тұрған наразылық емес, қазақ халқының диктатураға, орыстандыруға, полигондар мен лагерьлерге қарсы наразылығы болатын. Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңістік империяның шаңырағын шайқалтты, осылайша ер түріктің ерлік дәстүрін әлемге тағы бір мәрте паш етті. Бүгінгі таңда қолымыз жетіп, елдігімізді асқақтатқан Тәуелсіздік желтоқсаннан бастау алады. Ел үшін,халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан жастардың еңбегі тек бес жыл өткен соң ҚР егемендігін алумен аяқталды. Тәу еткен тұғырлы тәуелсіздігіміз тек қана желтоқсан құрбандарының арқасында келді. Қазақстан тәуелсіз м
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>