Мұхтар Шаханов. Төрт ана

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

емлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел танылды.
Қазағымның ұлы ақыны Абай туған Шыңғыстауды кеңес одағы қырық жыл бойы сынақ алаңына айналдырып, жан түршігерлік жарылыстармен сілкіндіріп тұрды. Семей өңіріндегі Бельгия жерімен бірдей бос алаңда 456 ядролық сынақ жасалды. Бұл сынақтық нәтижесінде сол аймақтың тұрғындарының шеккен азабын ұмыту мүмкін емес. Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен қазақ жеріндегі жарылыстарды тоқтату жұмыстары кеңінен жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Н. Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі ең үлкен сынақ орны Семей полигоны жабылды.
Мұхтар Шаханов ең басты мәселе ұлтты сақтап қалу екендігі жайында жазған. Ал ол үшін алдымен ана тілімізді сақтауымыз қажет. Тілі құрыған халықтың салт- дәстүрі мен тарихы да ұмытылады.
Тіл – ұлттың ұлт болып өмір сүруінің, ұлттық руханияттың салтанат құруының бірден-бір шарты, көрсеткіші, болашағы. Болашағы бар ел алдымен тілін қадірлейді. Мұхтар Шаханов -тіл жанашыры. Мемлекеттік тілді құрметтеу мақсатында бірнеше шығармалар жазды. «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жартылар» тағы басқа өлеңдері ақынның мемлекеттік тілдің жанашыры екендігінің дәлелі.
Қорытынды бөлім
Қасым Қайсенов:
"Мұхтар Шаханов - ұлт мүддесін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар,тұлғалы ұлы ақын. Кешегі Желтоқсан көтерілісі кезеңінде,ел ерге,ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің алпауыттарына басын бәйгеге тіге отырып қарсы шыққан,сөйтіп, ұлтымызды үлкен әділетсіздіктен қорғап қалған осы жігіт еді ғой. Арал қасіретіне күллі әлемнің назарын бұрған да - Шаханов. Ұлтымыздың ірілі-ұсақты проблемаларының маңында ылғида осы ақын келе жатқан жоқ па! Тіпті қазіргі өздерің той

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: