қыны, 1994 жылы ҚР халық жазушысы, 1999 жылы БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызмет үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «руханият» түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің, ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері.
Негізгі бөлім
Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Қай кезде де әр халықтың бағына қарай біртуар, дара, ерекше перзенттері дүниеге келіп отырған. Мұхтар Шахановты қазақ елінде білмейтін, танымайтын адам жоқ шығар.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп көрінген Мұхтар Шаханов – айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшелінген көрнекті ақын, ол қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды. Мұхтар Шаханов туралы әдебиетіміздің алыбы Ғабит Мүсірепов: «Дарын танылды. Ар-намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін азды-көпті ойланбай қала алмайсың. Ой мен сезімге едәуір күш түседі. . . » десе, ақынға заңғар жазушы Ғабиден Мұстафин: «…өз дәуірінің көкейтесті проблемаларын дөп басып, кең тыныспен толғай білетін, оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікір таласын тудыратын, аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеген еді» деп баға берді.
Оның туындылары қазақ әдебиетінің баға жетпес жауһарына айналды. Шығармашылығы өз алдына, қайраткерлігімен қайсарлығы туралы айтар әңгіме бір жақ, бірнеше ғылыми еңбектің өзегі болар еді. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің алтын қорын үздіксіз молайтып отырады
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>