здардың жалғасы - біз, тәуелсіз елдің ұстаздары. Ұстаз шәкіртіне тәрбиемен қатар білімді де меңгертеді. Сондықтан ұстаз бала үшін екінші ата-ана, ал мектеп - екінші үй. Шәкіртінің жетістігіне қуанбайтын ұстаз жоқ, себебі шәкіртінің жеңісі - ұстазының жемісі. Ұстаздың әр сабағы өмірде сабақ болатындай өтуі тиіс. Сондықтан әр ұстаз, әр жаңашыл ұстаз өз сабақтарында түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланады. Әр пәннен беретін ұстаздардың өзіндік сабақта қолданатын әдіс- тәсілдері болады. Бүгін менде өзімнің сабақтарымда қолданылатын оқыту әдісі - ойын және оның түрлеріне тоқталмақшымын.
Ойын - оқыту үрдісіндегі оқыту формасына жататын және оқыту әдісі бола алатын дидактикалық ұғым. Сабақ барысында осы оқыту әдісін пайдалану тиімді деп санаймын. Себебі осы әдісті қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға болады. Балалық шақ - адам өмірінің ең ғажайып әрі алаңсыз кезеңі. Адам қанша жасқа келсе де, балалық шағын аңсап отырады. Ал балалық шақтың керемет кезеңі - ойын кезеңі. Ойын ойнағаннан балалар шаршамайды әрі үйренгісі келгенін ойын арқылы үйренсе, тез үйреніп алады. Мектеп оқушылары ең алдымен балалар екенін ұмытпайық. Сондықтан олардың жас ерекшеліктеріне сай ойнайтын ойындары болады. Мінекей, сабақ үстінде сондай ойын түрлерінің элементтерін пайдалансақ, сабағымыз тиімді болар еді әрі балалар шаршағыштықтан айығар еді. Мұғалімнің дәрісі,бір сарынды, күнде дәстүрлі сабақ өткізу баланы жалықтырып жібереді және сол пәнді меңгеруге ынтасы болмай, құлқы жойылады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады Ж. Аймауытов. Әр оқылатын нәрсемен ойынды байланыстыра білсек, баланың сабаққа деген ынтасы арта түседі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағы - өзара тығыз байланысты пән. Бұл пәндерді басқа да пәндермен байланыст
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>