Методическое пособие

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ыруға болады, мысалы: тарих, музыка, орыс тілі, география т. б. Енді осы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде қандай ойын элементтерін пайдалануға болады және оны басқа да қандай пәндермен байланыстыруға болады, соған тоқталайын.
Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Тілдік ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес. Лексика-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, дауыс ырғағын дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында оқушыларды меңгерген лексикалық материалын тәжірибелік тұрғыда қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарының анық айтылуын оқушыларға меңгерту үшін, мұғалім ойын үстінде тілдегі сөздердің дұрыс айтылу (орфоэпиялық), сөздердің дұрыс жазылу (орфографиялық) ережелерін де есепке алуы керек.

Негізгі бөлім
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында ойын түрлерін пайдалану
5- сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылар тіл білімінің лексика және фонетика салаларын, мәтін туралы меңгереді.
Мәтін және оның түрлерін (баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні) меңгеру барысында "Суреттер сөйлейді" ойынын өткізуге болады. Ойынның мақсаты: балалардың шығармашылыққа қызығушылықтарын, танымдық қасиеттерін ояту. Суретті жақсы көрмейтін бала жоқ. Бұл әрі сурет сабағымен байланысты. Ойынның шарты: мәтіннің түрлеріне байланысты мұғалім суреттер әкеліп, тақтаға іліп қояды. Белгілі бір уақыт ішінде балалар суреттерді сөйлету ке

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: