Металдар туралы мәлімет

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


1. Сабақтың тақырыбы: Металдар туралы жалпы мәліметтер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды металдармен және қорытпалармен таныстыру; металл және оның адам өміріндегі маңызы; металдарды өңдеу кезіндегі ұқыптылық пен үнемшілдікке мән беруге үйрету ,қорытпалар мен металдарды ажырата білу , олардың негізгі қасиеттерін бөліп көрсету машықтарын дамыту. Оқушыларды еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Мультимедиялық электрондық оқу құралы . Металдар.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап арқылы әңгімелесу .
Пән аралық байланысы : Физика , Химия.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылырдың сабаққа дайындығын тексеру . Түгендеу.
2. Үй тапсырмасы:
1. Әрлеу деген не ?
2. Әрлеудің неше тәсілі бар?
3. Бояулар қандай болады ?
4 Бұйымды не үшін лактайды?
5. Лактар болады?
6. Қандай лак тез кебеді ?
3. Жаңа сабақ . Оқушыларға металдар туралы жалпы мәліметтер береді. Металдар - электр және жылу өткізгіштігін жоғары жылтыр және басқа да қасиеттері бар материалдар . Металдар өндірісте көп пайдаланылады . Металдар бөліктер , машиналар түрлі құрылыс материалдары мен көптеген тұрмыстық бұйымдар жасалады .
2. Өндірісте әдетте металдарды таза күйінде емес , көбінесе металдардың құймалары ретінде пайдаланады. Құймалар бір металдың басқа металмен қоспасынан тұратын күрделі заттар . Металл грек тілінен алған сөз:(мата , кен ) деген мағынаны білдіреді .
Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді . Қара металға темір және оның құймалары - шойын мен болат жатады.
Қара метал мен қоспаларының кемшілігі тот басатындығы. Ал түсті металдарды тот баспайды , жеңіл сыртқы түрі әдемі иілгіш келеді . Олар 4 топқа бөлінеді :
Жеңіл металдарға - алюминий , магний, титан және т. б. Алюминийдің мыспен құймасын дюрал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: