Мерекеңмен анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мерекеңмен, анашым!
Іжүргізуші:-Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8-наурыз мейрамы құтты болсын.
ІІ жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! "Аналар - асыл жандар" атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Іжүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
ІІжүргізуші: Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді.
1 бала
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
2 бала :
-Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
3 бала:
-Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
4 бала:
-Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.
5 бала:
-Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
6 бала:
-Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: