/>Әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс - әрекеті.
Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, бізге бүгін сабаққа қонақтар келіпті амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Кәнекей балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері
Топ, топ,басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн!
Енді балалар, орындарыңа отырыңдар.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем .
-Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?(күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады)
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда жолдан сандықша тауып алдым.
Онда хат бар екен. Хатта: " Сандықшаның сыртында жазылған өлең не туралы екенін білсеңдер ішінде не барын табасыңдар"- деп жазылған .
"Мысық" Ә. Баубеков
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын.
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
Дұрыс айтасыңдар мысық туралы екен.
Сандықшаны ашып, ішінен ойыншық мысықты алып шығады.
-Балалар сендердің үйлеріңде мысық бар ма?
-Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.
-Ол қандай?
-Мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек.
-Мысық қалай дыбыстайды?
Мияу-мияу.
-Балалар мысық үй жануарына жатады.
Мысықтың баласын біз "марғау" деп атаймыз,оның түсі ақ, сары, қара болады.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
-Балалар, тақтаға қараңдаршы суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
Мысық.
-Мысық қандай екен?
Үлкен мысық. Кәнекей барлығымыз қайталайық. Үлкен мысық.
-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр?
(суретте мысықтың
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>