Менің сүйікті мысығым- ашық сабақ

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

не,бәріміз шеңберге тұрып, "Табиғатым тамаша!" ойын ойнайық.
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарды айту:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатым аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған ЖерАна!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Тәрбиеші: Ендеше орнымызға отырамыз. Кәне балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Қалай аталады?
Балалар: Күз,Қыс,көктем,жаз.
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар? Қалай аталады.
Балалар: Үш айы бар. Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Қай айдамыз?
Балалар: Қаңтар айында.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Қалай аталады?
Балалар: Жеті күн бар. Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің табиғат ерекшелігі қандай?
Балалар: Боран болады,қар жауады,суық болады,аяз болады
Тәрбиеші: Қыс туралы кім тақпақ біледі?
Балалар: Дала аппақ,қар аппақ
Ақ мамыққа оранған
Ауыл,аймақ бәрі аппақ
Қардан үйлер қаланған.
Тәрбиеші: Мына суретке қарайық,нелер бейнеленген? (әңгімелету) 1-2 баладан сұрау.
Балалар: Ермахан,Нұртас,Қазбек үшеуі жұмсақ,сулы қардан Аққала тұрғызады. Аққала үш шеңберден тұрады. Екі көзі көмірден,мұрнына сәбіз,басына шелек,қолына сыпырғыш ұстатты. Аққала тұрғызған соң таудан төмен қарай сырғанақ тепті.
Тәрбиеші: Өте жақсы әңгімелеп бердіңіздер!Мына суретке қарайықшы,орман іші тым тырыс. Айналаның бәрі қар басқан. Орманда шыршалар да бар. Олар түстерін өзгертпейді. Балалар,орманда тағы кімдер жүр?
Балалар: Қыстап қалған аңдар,құстар жүр.
Тәрбиеші: Қандай аңдар жүр?
Балалар: Түлкі,аю,қоян,қасқыр,ағаш басында тиын отыр. <

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: