Менің сүйікті мысығым- ашық сабақ

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13  >  >>

br/>Тәрбиеші: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды
Допты көрсе домалатып қоймайды
Беті-қолын қайта-қайта жуады
Тышқандарды үйімізде аулайды
(Жауабы Мысық)
Балалар: Мысық
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді?
Балалар: Мынау мысық
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтаға тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануарлары, оның пайдасы көп,ол жүрген кезде тышқан болмайды. Мысық еркелегіш,балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар дауысы бар,қандай?
Балалар: Мияу,мияу!!!
Тәрбиеші: Мысықты "кис-кис" деп шақырып,сипап,кішкене сүт құйып береміз. Оның жүні тықыр болады,құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын болады. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып,құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болама?
Балалар: Жоқ,оның денесі ауырады. Жануарларды қорлауға болмайды.
Тәрбиеші: Балалар,мына екі мысықты салыстырайық,ерекшелігін айтайық. (екі мысықтың суретін көрсету).
Балалар: 1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ,мынада бар
2. Біреуінің құйрығы жерде жатыр,біреуі көтеріп алыпты.
3. Мойнын байлаған бантиктерін біреуінікі шешілген,біреуінде байлайлы тұр.
Тәрбиеші: Өте жақсы,ал мысық туралы кім тақпақ айтады?
1-Бала: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ
Тісі оның қышып отыр.
Тәрбиеші: Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны "Жіпті шатастыру". Әжелердің жібін шатастырып, ойнайды. Кәзір біз мысық боламыз,жіптермен ойнаймыз.

Ойын шарты: "1-2-3 ойынға түс!"-дегенде мына себеттегі жіптерді шашып,домалатып жіберсеңдер,сосын оларды тауып,қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар. Кім тез жинаса сол жеңімпаз мысық болады.
Тәрбиеші: Кел

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: