рбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.
Дамытушылық: Әр заттың не үшін керектігін білу әрі тілдесімде дұрыс пайдалана білуге баулу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту арқылы ы және і дыбыстарын қолдана білуге машықтандыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. "Менің заттарым", "Менің оқу құралдарым", "Киімдерім" тақырыптары бойынша айтылым әрекетін жандандыру мақсатында 1-тапсырманы орындату.
2. "Не үшін керек?" сұрағы арқылы ауызша және жазбаша жұмыс жасату. Оқушылардың қисынды айлау қабілетін дамыту.
3. І жіне ІІ жақта сөйлеп жаттығу үшін 3-тапсырмада берілген сөздер бойынша жұптық тапсырма орындату.
4. жазылым әрекетін айтылым және тыңдалым әрекеттерімен ұштастыру. "Кімде не бар?" сұрағына аударма жұмысы арқылы жауаптар талап ету.
5. Үлгі бойынша бір сөзді күрделендіре отырып, сөйлем құратып үйрету мақсатында 5-тапсырманы орындату.
6. Оқылым, айтылым және жазылым әрекеттері барысында ы және і дыбыстарын дұрыс қолдана білу үшін 6-тапсырманы орындату. Үлгі эталонын ұсыну.
Ү л г і э т а л о н ы
киім, ұзын, кітап, сызғыш, кішкентай, өшіргіш
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін бекіту. Саналы түрде аталған тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік:Оқушыларға тақырып бойынша тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.
Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдану дағдысын дамыту. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін сөзжұмбақ шешу арқылы жалғастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезе
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>