ату.
3. Керекті сөздерді пайдаланып, 3-тапсырмадағы сөздерді қосып, сөз тіркестерін дұрыс жасауға баулу мақсатында тапсырманы ауызша және жазбаша орындату.
4. Сурет бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін жандандыру үшін жемістердің атаулары арқылы сөз тіркестерін жасату.
5. Сұрақ-жауап арқылы І және ІІ жақта сөйлеу дағдысын дамыту үшін 5-тапсырманы жұптық түрде орындату.
6. Аз, көп сөздерінің мағынасын аударма арқылы қайталатып, сызба бойынша берілген 6-тапсырманы жазбаша орындату.
7. О және ө дыбыстарының айтылу мен жазылуын пысықтау үшін 7-тапсырмадағы сөздерді ауызша және жазбаша орындату. Үлгі эталонын ұсыну.
Ү л г і э т а л о н ы
Көп, өрік, картоп, төрт, отыз
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Уақыт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: "Уақыт" тақырыбы бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін саралау және бекіту. Г және ғ дыбыстарының айтылуы мен жазылуын пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларға уақытты дұрыс пайдалана білу туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.
Дамытушылық:Саналы түрде аталған тақырып бойынша сұраққа дұрыс жауап бере алуға және сөйлей білу дағдысын дамыту.
Сұраулық шылауларды орынды қолдана білу дағдысын дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
1. Сызба бойынша айтылым әрекетін іске асыру мақсатында жұмыс жүргізу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру.
2. Тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 21-тапсырманы қысқаша әңгіме ретінде ауызша орындату.
3. "Кім қашан қайда барады?" атты сұраққа үлгі бойынша жауап беруге үйрету, зат есімнің жалғауларын дұрыс игеруге ықпал жасау.
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>