r/>
6. "Иә, жоқ" сөздерін меңгерту мақсатында сұрақ-жауап жасау арқылы 6-тапсырманы орындату.
V. Сабақты бекіту.
VІ. Үйге тапсырма беру.
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.
2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.
3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.
4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.
5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.
6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіт
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>