Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Астана. Алматы.
Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап
Қала көліктерін атаңдар. (трамвай, автобус, көлік, троллейбус т. б. )
Ауыл көліктерін атаңдар. (велосипед, трактор, ат арба, жүк көлігі)
Көліктің қандай түрлері бар? Көліктің жерде, ауда, суда жүретін түрлері бар.
Қаланың көшелері қандай? Қаланың көшелері кең.
Олар қалай бөлінеді? Жаяу жүретін жол және машина жүретін жол.
Көшелердің қиылысқан жерін не деп атайды? Көше қиылысы деп атайды.
Көше қиылысында қалада не болады? Бағдаршам.
Ауылды жерде көліктер көп бало ма аз бола ма? Аз болады.
Аылда асфальттанбаған жолдар бар. Оларды не деп атайды? Қара жол.
Ауылда жаяу жүретін жол бар ма? Жоқ. Сондықтан біз жолдың шетімен жүруіміз керек.
Денені қалай шынықтыруға болады? Шомылуға, күнге күюге, саяхатқа шығуға болады.
Спортпен айналысқан пайдалы ма зиян ба? Пайдалы.
Спорт киімді не үшін киеді? Ол жеңіл, ыңғайлы әрі жылы болад
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>